08.02.2026 20:36

Неймардың қашан мансабын аяқтайтыны белгілі болды

08.02.2026 20:36

«Сантос» дүлдүлі Неймар биыл мансабын аяқтауы мүмкін

The Touchline хабарлауынша, 34 жастағы жартылай қорғаушы Әлем чемпионатына қатысатын Бразилия құрамасына шақырту алмаса бутсасын шегеге іледі. Оған футболда мундиальға қатысып, оны жеңуден басқа түк мотивация қалмапты. Қазір тек сол үшін ғана талмай еңбектеніп жатыр екен.

Осыған дейін 21 желтоқсан күні оның тізесіне ота жасалып, содан бері алаңға шықпады. Қазір қалыпқа келу жаттығуларын жасап жүр.

Айта кетейік, Бразилия 2026 жылғы Әлем чемпионатында Марокко, Гаити және Шотландиямен бірге С тобында ойнайды. АҚШ, Канада және Мексикадағы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram