08.02.2026 14:58

Деле Аллиге Ла Лиганың төрт клубы көз тікті

08.02.2026 14:58

Деле Алли ат басын Испанияға бұруы мүмкін

TalkSPORT хабарлауынша, Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысына «Севилья», «Хетафе», «Эльче» және «Реал Овьедо» қызығушылық білдіріп отыр. Аталған клубтар 29 жастағы ойыншыға қысқамерзімді келісімшарт ұсынбақ.

Аллидің соңғы клубы «Комо» болды. Ол Сеск Фабрегас жаттықтыратын италиялық клубтан 1 қыркүйек күні кетті. Оған дейін «Эвертон», «Бешикташ» және «Тоттенхэмде» ойнаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram