08.02.2026 19:09

«Барселона» «Манчестер Юнайтед» ойыншысына көз тікті

08.02.2026 19:09

«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Лисандро Мартинес «Барселонаға» ауысуы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, «блауграна» 28 жастағы аргентиналық қорғаушыға қызығушылық танытып отыр. Ал Манчестердің клубы онымен қош айтысқысы келмейді. Керісінше жаңа келісімшарт ұсынбақ. Бірақ сатқан жағдайда кемі 55 миллион еуроға бағалайды екен.

Мартинес «қызыл сойқандардың» намысын 2022 жылдың жазынан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 14 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram