08.02.2026 18:26

Энрике ПСЖ-мен келісімшартты ұзартуы мүмкін

08.02.2026 18:26

Луис Энрике ПСЖ-да қалуы мүмкін

L'Equipe хабарлауынша, қос тарап арасында келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту туралы келіссөз сәтті өрбіп жатыр. Париждің клубы жаңа құжатқа маусым соңына қарай қол қоюды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ 55 жастағы испан маманына АПЛ клубтары қызығушылық танытуда екен.

Энрике ПСЖ тізгінін 2023 жылдың шілде айында ұстаған еді. Осы аралықта командамен Францияның екі дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram