20.09.2025 10:06
Неймар тағы жарақат алды
20.09.2025 10:06
«Сантос» Неймардың жаңа жарақатына байланысты ресми мәлімдеме жасады.
Клубтың хабарлауынша, 33 жастағы ойыншы оң аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты бейсенбі күні өткен жаттығуды соңына дейін аяқтай алмаған. Қазір қалыпқа келу процессін бастап кетті.
Нақты қашан оралатыны белгісіз. Бірақ кемі төрт апта ойнамайды деген ақпарат бар.