09.09.2025 14:15
Неймар жасанды алаңда мүлде ойнамайтын болды
09.09.2025 14:15
«Сантос» ойыншысы Неймар жасанды алаңы бар стадиондарда өтетін матчтарға мүлде қатыспайтын болды
Jornal A Tribuna мәліметінше, бразилиялық дүлдүлдің мұндай төсеніштерде тізе мен буыны сыр береді екен.
Осыған байланысты, командасы Неймарды жасанды алаңдағы матчтарға мүлде қатыстырмау туралы шешімге келді.
Айта кетейік, Неймар биыл ақпан айында «Сантос» сапына оралған еді. Осы аралықта жалпы 20 матч өткізіп, алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.