03.09.2025 19:08

Антони «Бавариямен» келіссөз жүргізгенін растады

03.09.2025 19:08

«Бетис» ойыншысы Антони COPE-ге берген сұхбатында «Бавариямен» келіссөз жүргізгені туралы пікір білдірді

«Келіссөздің аяқталуына бір күн қалғанда «Бавария» басшылығымен сөйлестім. Бірақ оларға «Бетиске» ауысуым 95%-ға шешілгенін және сөзімде тұратынымды айттым.

Ал маған ұсынған жалақысы 7 млн еуро дегенді білмейді екем. «Бавария» сынды әлемдік деңгейдегі клубқа құрметім шексіз, бірақ шешім қабылдау оңай болды.

Маған бестен аса клуб ұсыныс жасады, бірақ басты назарым «Бетисте» болды», – деді 25 жастағы ойыншы.

«Бетикос» «Ман Юнайтедтен» Антониді 22+3 млн еуроға сатып алған еді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram