03.09.2025 15:45
Фермин Лопес: Гави — менің бауырым
03.09.2025 15:45
«Барселона» жартылай қорғаушысы Фермин Лопес әріптесі Гавиге қатысты пікір білдірді
— «Гави менің досым болып қала береді. Айналамызда алып-қашпа әңгімелер өріп жүр, алайда арамызға сызат түскен жоқ. 12 жасымнан бері Гавимен біргемін. Оның «Бетис» академиясындағы ойынын да жақсы білемін. Ал Ла Масияға келген сәттен бастап, менің бауырыма айналды», – деді Лопес Mundo Deportivo басылымына.
Бұған дейін Гави мен Лопестің қыз үшін сөзге келіп қалғаны туралы қауесет тараған еді.