19.05.2026 21:59
«Наполидің» жаңа бапкері белгілі болды
19.05.2026 21:59
Маурицио Сарри «Лациодан» кетіп, «Наполи» бас бапкері атанады

Николо Скираның хабарлауынша, 67 жастағы италиялық маман Неапольдің клубын тізгіндеуге әзір. Қос тарап жақында 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды екен. Ал оған сәйкес Сарридің жалақысы бонустарды есептемегенде жылына 2,8 миллион еуроны құрайды. Бірақ соңғы сөзді президент Аурелио Де Лаурентис айтады.
Осыған дейін «Наполидің» қазіргі бапкері Антонио Контенің орнынан кететіні белгілі болған еді.