19.05.2026 17:53

Роналду Әлем чемпионатына барады

19.05.2026 17:53

Португалия Әлем чемпионатына қатысатын ойыншылардың нақты тізімін жариялады

Оған Саудияның «Әл-Наср» клубында ойнайтын 41 жастағы шабуылшы Криштиану Роналду кірді. Бұл Криш үшін алтыншы мундиаль болмақ.

Қақпашылар: Диогу Кошта («Порту»), Жозе Са («Вулверхэмптон»), Руи Силва («Спортинг»), Рикарду Велью («Генчлербирлиги»);

Қорғаушылар: Нуну Мендеш («ПСЖ»), Матеус Нунес («Манчестер Сити»), Диогу Далот («Манчестер Юнайтед»), Нелсон Семеду («Фенербахче»), Жоау Канселу («Барселона»), Гонсалу Инасиу («Спортинг»), Ренату Вейга («Вильярреал»), Рубен Диаш («Манчестер Сити»), Томаш Араужу («Бенфика»);

Жартылай қорғаушылар: Рубен Невеш («Әл-Хиләл»), Жоау Невеш («ПСЖ»), Саму Кошта («Мальорка»), Витинья («ПСЖ»), Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед»), Бернарду Силва («Манчестер Сити»).

Шабуылшылар: Криштиану Роналду («Әл-Наср»), Жоау Феликс («Әл-Наср»), Рафаэл Леау («Милан»), Франсишку Тринкау («Спортинг»), Педру Нету («Челси»), Франсишку Консейсау («Ювентус»), Гонсалу Гедеш («Реал Сосьедад»), Гонсалу Рамуш («ПСЖ»).

«Селесао» К тобында Өзбекстан, Конго және Колумбиямен ойнайды. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram