19.05.2026 15:18

Жоао Педро «Челсидің» үздік ойыншысы атанды

19.05.2026 15:18

Жоао Педро «Челсидің» осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды

24 жастағы бразилиялық шабуылшы биыл жалпы 49 матчқа қатысып, 29 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде 60% көрсеткішке ие болып, топ жарды. Екінші орынға Энцо Фернандес жайғасса, үздік үштікті Мойзес Кайседо түйіндеді.

Лондонның клубы Педроны өткен жазда «Брайтоннан» 63,7 миллион еуроға сатып алған еді. Айта кетейік, оны Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти Әлем чемпионатына баратын ойыншылардың нақты тізіміне қоспады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram