19.05.2026 12:33
Энцо Мареска «Манчестер Сити» бас бапкері атанады
19.05.2026 12:33
Энцо Мареска «Манчестер Сити» бас бапкері атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толыққанды келісімге келді. Ал келісімшарт 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болады екен. Мареска маусым соңында командадан кететін Пеп Гвардиоланың орнын басады.
46 жастағы италиялық маман соңғы рет «Челсиді» 2024 жылдан бері жаттықтырып, одан 1 қаңтарда кеткен еді. Ал 36 турдан кейін 77 ұпай жинаған «қалалықтар» Ағылшын Премьер-лигасында екінші орында келеді.