18.05.2026 21:17

Рюдигер «Реалда» қалады

18.05.2026 21:17

«Реал» қорғаушысы Антонио Рюдигер клубта қалады

Diario AS хабарлауынша, қос тарап 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Рюдигер негізі екі жылға созғысы келіпті. Бірақ «бланкос» 30-дан асқан ойыншыларды тек бір жылға ғана қалдырады, сондықтан амал жоқ көнуге тура келген. Антонио Жозе Моуриньюдың шәкірті болғысы келеді.

33 жастағы неміс қорғаушысы Мадрид клубына 2022 жылы «Челсиден» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол осы маусымда 26 матчқа қатысып, бір гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram