18.05.2026 17:59
Флик «Барселонада» қалды
18.05.2026 17:59
«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик клубта қалды

Қос тарап келісімшартты 2028 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға созу мүмкіндігі бар.
61 жастағы неміс маманы «блаугрананы» 2024 жылы тізгендеген еді. Содан бері команда 88 рет жеңіске жетіп, он мәрте тең түссе, 18 ойында қарсыласына жол берді және жалпы бес трофей жеңіп алды.