18.05.2026 16:44
Карвахаль «Реалдан» кетеді
18.05.2026 16:44
Дани Карвахаль «Реалдан» кетеді

Мадридтің клубы 34 жастағы испаниялық қорғаушымен қош айтысатынын хабарлады. Қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды.
Карвахаль «бланкос» намысын 2002 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 450 матчта 14 гол соғып, 65 нәтижелі пас берді және жалпы 27 трофей жеңіп алды.