18.05.2026 14:36

«Арсенал» топ-форвард алмақ

18.05.2026 14:36

«Ювентус» шабуылшысы Душан Влахович мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Mundo Deportivo хабарлауынша, ол 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, жазда клубтан кетеді. Осы орайда «Арсенал» Душанды еркін агент ретінде қатарына қосып алуы мүмкін. «Зеңбірекшілер» Влаховичті біраздан бері бақылап жүр екен.

Одан бөлек оған көз тіккендердің қатарында «Атлетико», «Милан» және «Бавария» бар.

Туриннің клубы 26 жастағы сербиялық форвардты 2022 жылы «Фиорентинадан» 85,4 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 22 матчта сегіз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram