18.05.2026 13:01

Майкл Кэррик «Манчестер Юнайтедте» қалады

18.05.2026 13:01

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Майкл Кэррик клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты ұзарту бойынша толықтай келісімге келді. Келісім 2028 жылдың жазына дейін жарамды болады және оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

44 жастағы ағылшын маманы манкуниандықтарды 13 қаңтарда тізгіндеген еді. Оның тұсында «қызыл сойқандар» 11 рет жеңіске жетіп, үш мәрте тең түссе, екі ойында қарсыласына жол берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram