18.05.2026 10:51

«Барселона» рекорд орнатты

18.05.2026 10:51

Испания Ла Лигасының 37-турында «Барселона» «Бетистен» 3:1 есебімен басым түсті

Осылайша Каталонияның клубы Ла Лиганың бір маусымында өз алаңындағы 19 матчтың бәрінде жеңіске жеткен алғашқы клуб атанды.

Ханс-Дитер Флик шәкірттері 35-турда «Реалды» (2:0) жеңіп, мезгілінен бұрын Испанияның 29 дүркін чемпионы атанып қойған еді. «Блауграна» соңғы турда 23 мамыр күні «Валенсияға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram