18.05.2026 02:01
ПСЖ жеңіліп қалды
18.05.2026 02:01
Франция Бірінші лигасының соңғы 34-турында ПСЖ сырт алаңда «Парижге» есе жіберді

«Жан-Буэн» стадионында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Матчтағы алғашқы голды Брэдли Барколя 50-минутта соққан еді. Бірақ Алимами Гори 76 және 90+4-минутта мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.
ПСЖ өткен турда мезгілінен бұрын Францияның 15 дүркін чемпионы атанып қойған. Луис Энрике шәкірттері маусымдағы соңғы матчын 30 мамыр күні Чемпиондар лигасының финалы аясында «Арсеналға» қарсы өткізеді.