18.05.2026 00:06
«Реал» минималды есеппен жеңіске жетті
18.05.2026 00:06
Испания Ла Лигасының 37-турында «Реал» сырт алаңда «Севильяны» 1:0 есебімен тізе бүктірді

Рамон Санчес Писхуан атындағы стадионда өткен кездесуде жалғыз голды Винисиус Жуниор 15-минутта соқты.
Осылайша Мадридтің клубы 83-ұпайын олжалап турнир кестесінде екінші орында қалды.
Альваро Арбелоаның шәкірттері соңғы турда 23 мамыр күні «Атлетикті» қабылдайды.