17.05.2026 19:25

«Наполи» Хейлундты сатып алды

17.05.2026 19:25

Расмус Хейлунд «Наполи» ойыншысы атанды

Неапольдің клубы 23 жастағы даниялық форвардты «Манчестер Юнайтедтен» алты миллион еуроға жалға алған еді. Сондай-ақ «Наполи» Чемпиондар лигасына жолдама алған жағдайда 44 миллионға сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Енді бүгін Антонио Конте шәкірттері «Пизаны» 3:0 есебімен тізе бүктіріп, қарт құрлықтың басты додасында ойнайтын болды. Нәтижесінде Расмус толыққанды «Наполи» ойыншысы атанып, қос тарап 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Хейлунд «Наполиге» келгелі 43 матчта 15 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram