17.05.2026 18:33
«Манчестер Юнайтед» тартысты ойында жеңіске жетті
17.05.2026 18:33
Ағылшын Премьер-лигасының 37-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Ноттингем Форестті» тізе бүктірді

«Олд-Траффорд» стадионында өткен кездесуде 3:2 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Люк Шоу, Матеус Кунья және Брайан Мбеумо мергендік танытты. Ал қонақтардың құрамында Морато мен Морган Гиббс-Уайт дараланды.
Осылайша манкуниандықтар 68-ұпайын олжалап турнир кестесінде үшінші орында қалды.
Майкл Кэрриктің шәкірттері соңғы турда 24 мамыр күні «Брайтонға» қонаққа барады.