17.05.2026 17:15
«Наполи» ірі жеңіске жетті
17.05.2026 17:15
Италия А Сериясының 37-турында «Наполи» сырт алаңда «Пизаны» 3:0 есебімен тізе бүктірді

«Арена Гарибальди» стадионында өткен кездесуде Скотт Мактоминей, Амир Рахмани және Расмус Хейлунд гол соқты.
Осылайша Неапольдің клубы 73-ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінде екінші орында қалды.
Антонио Конте шәкірттері соңғы турда 24 мамыр күні «Удинезені» қабылдайды.