17.05.2026 17:11

«Рома» «Лациодан» басым түсті

17.05.2026 17:11

Италия А Сериясының 37-турында «Рома» «Лационы» тізе бүктірді

«Олимпико» стадионында өткен Рим дербиінде 2:0 есебі тіркелді. Номиналды алаң иелері сапында қорғаушы Джанлука Манчини дубль жасады. Сондай-ақ «Рома» сапында Уэсли, ал «Лацио» құрамында Николо Ровелла алаңнан қуылып кетті.

Осылайша «джаллоросси» 70-ұпайын еншілеп турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Ал «Лацио» 51 ұпаймен тоғызыншы сатыда қалды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram