17.05.2026 12:53

«Манчестер Ситидің» жаңа бас бапкері белгілі болды

17.05.2026 12:53

Энцо Мареска «Манчестер Сити» бас бапкері атануы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап алдын ала келісімге келіп қойды. Келісімшарт 2028 жылдың жазына дейін жарамды болады және оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

Бірақ Мареска тек Гвардиола кетемін десе ғана «қалалықтар» тізгінін ұстайды. Бәрі Пептің шешіміне байланысты, Мареска оны күтеді.

46 жастағы италиялық маман соңғы рет 2024 жылдан бері «Челсиді» жаттықтырып, одан 1 қаңтарда кетті. Ал 36 турдан кейін 77 ұпай жинаған «қалалықтар» Ағылшын Премьер-лигасында екінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram