17.05.2026 11:41
Кейн рекорд орнатты
17.05.2026 11:41
Германия Бундеслигасының соңғы 34-турында «Бавария» өз алаңында «Кёльнді» 5:1 есебімен тізе бүктірді

Бұл матчта Харри Кейн хет-трик жасап, үшінші голын 69-минутта алыстан соқты.
Осылайша ол Бундеслиганың бір маусымында айып алаңның сыртынан ең көп гол соққан «Бавария» ойыншысы атанды. Харри қашықтан алтыншы рет қақпа торын тулатып, 2005/06 жылғы маусымда бес мәрте мергендік танытқан Михаэль Баллактың рекордын жаңартты.
32 жастағы ағылшын форварды осы маусымда 50 матчта 58 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.