17.05.2026 16:30
Алонсо «Челсиге» «Реалдан» бір ойыншы әкеледі
17.05.2026 16:30
Бүгін, 17 мамыр күні Хаби Алонсо ресми түрде «Челси» бас бапкері атанды

Futbol Central Espana хабарлауынша, Алонсо өз командасынан алдымен «Реал» вингері Франко Мастантуононы көргісі келеді. Хаби оны «Ривер Плейтте» жүрген кезінен бері бақылайды және қатты бағалайды екен. Егер мүмкіндік болып жатса басшылыққа Франконы сатып алуды сұрауға ниетті.
Одан бөлек 18 жастағы аргентиналық ойыншыға «Бенфика», «Брайтон» және «Тоттенхэм» назар салып отыр.
Мастантуоно Мадридтің клубына өткен жазда «Ривер Плейттен» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 33 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.