17.05.2026 17:20

«Милан» үш ұпай еншіледі

17.05.2026 17:20

Италия А Сериясының 37-турында «Милан» сырт алаңда «Дженоаны» 2:1 есебімен жеңді

Генуяда өткен кездесуде «Милан» сапында Кристофер Нкунку пенальтиден гол соқса, Закари Атекаме есепті еселеді.

Осылайша «россонерри» 70-ұпайын еншілеп турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Массимилиано Аллегри шәкірттері соңғы турда 24 мамыр күні «Кальяриді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram