17.05.2026 18:57
Бруну Фернандеш рекорд қайталады
17.05.2026 18:57
Бруну Фернандеш рекорд жаңартуға жақын

«Манчестер Юнайтед» капитаны Ағылшын Премьер-лигасының 37-турындағы «Ноттингем Форестке» (3:2) қарсы ойында 72-минутта үшінші голды соққан Брайан Мбемоға нәтижелі пас берді.
Осылайша ол АПЛ бір маусымында ең көп нәтижелі пас берген ойыншы атанды. Бруну биылғы маусымдағы 20-ассистін жасап, рекорд иегерлері Кевин де Брюйне (2019/20) және Тьерри Анримен (2002/03) теңесті.
31 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы осы маусымда жалпы 36 матчта сегіз гол соғып, 22 нәтижелі пас берді.