17.05.2026 21:20

«Эльферсберг» Бундеслигаға шықты

17.05.2026 21:20

Екінші Бундеслиганың соңғы 34-турында «Эльферсберг» өз алаңында «Пройссен Мюнстерді» 3:0 есебімен тізе бүктірді

Осылайша 1907 жылы құрылған клуб тарихында тұңғыш рет Бундеслигаға жолдама алды.

Вагнер Винсент шәкірттері 62 ұпаймен қорытынды турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Осыған дейін «Шальке» чемпион атанып, жоғарғы дивизионға жолдама алып қойған еді. Ал үшінші сатыдағы «Падерборн» тоғыспа матчта «Вольфсбургпен» Бундеслига жолдамасын сарапқа салады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram