18.05.2026 02:13

«Барселона» «Бетисті» тізе бүктірді

18.05.2026 02:13

Испания Ла Лигасының 37-турында «Барселона» өз алаңында «Бетисті» 3:1 есебімен тізе бүктірді

«Камп Ноу» стадионында өткен кездесуде алаң иелерінің сапында Рафинья дубль жасаса, Жоау Канселу бір мәрте мергендік танытты. Ал «Бетистің» жалғыз голын Иско пенальтиден соқты.

Осылайша «блауграна» 94-ұпайына қол жеткізді. Каталонияның клубы бұған дейін 35-турда «Реалды» (2:0) жеңіп, мезгілінен бұрын Испанияның 29 дүркін чемпионы атанып қойған еді. Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері соңғы турда 23 мамыр күні «Валенсияға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram