18.05.2026 12:22
Бундеслига клубы бас бапкерсіз қалды
18.05.2026 12:22
Альберт Риера «Айнтрахт» бас бапкері қызметінен кетті

Келісімшарт қос тараптың келісімі бойынша мезгілінен бұрын бұзылды.
44 жастағы испан маманы Франкфурттың клубын ақпан айында тізгіндеген еді. Содан бері команда төрт рет жеңіске жетіп, бес мәрте тең түссе, бес ойында қарсыласына жол берді. «Бүркіттер» 34 турдан кейін 44 ұпай жинаған Бундеслиганы сегізінші орында аяқтады.