18.05.2026 13:57

Моуринью «Реал» бас бапкері атанады

18.05.2026 13:57

Жозе Моуринью «Бенфикадан» кетіп, «Реалға» оралады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толыққанды келісімге келді және жақында 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Сондай-ақ Мадридтің клубы «Бенфикаға» өтемақы ретінде алты миллион еуро төлейді.

63 жастағы португалиялық маман «бланкосты» осыған дейін 2010-2013 жылдар аралығында жаттықтырған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram