18.05.2026 17:11

Фермин Лопес Әлем чемпионатына қатыспайды

18.05.2026 17:11

«Барселона» жартылай қорғаушысы Фермин Лопес қатардан шықты

23 жастағы ойыншы Испания Ла Лигасының 37-турындағы «Бетиске» (3:1) қарсы матчта оң аяғының табан сүйегін сындырып алыпты.

Осыған байланысты оған ота жасалады және салдарынан Әлем чемпионатына қатыспайды.

«Қызыл фурия» биылғы мундиальда Кабо-Верде, Сауд Арабиясы және Уругваймен Н тобында ойнайды. Бас бапкер Луис де ла Фуэнте жаһан додасына баратын ойыншылардың нақты тізімін 25 мамыр күні жариялайды. АҚШ, Канада және Мексикадағы байрақты бәсеке 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram