18.05.2026 19:12

Ямаль Кабо-Вердеге қарсы ойнамайды

18.05.2026 19:12

«Барселона» вингері Ламин Ямальдың жағдайы белгілі болды

Ол осыған дейін сол аяғының бұлшық етін зақымдап алып, 23 сәуірден бері ойнамаған еді.

The Athletic хабарлауынша, ол осы жарақатына байланысты Әлем чемпионаты топтық кезеңіндегі Кабо-Вердеге (15 маусым) қарсы бірінші матчтан тыс қалады. Сондай-ақ екінші Сауд Арабиясымен (21 маусым) ойынға да қатысу-қатыспауы белгісіз болып тұр.

Ямаль осы маусымда 45 матчта 24 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram