19.05.2026 13:55

Антонио Конте «Наполиден» кетеді

19.05.2026 13:55

«Наполи» бас бапкері Антонио Конте клубпен қош айтысады

Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, 56 жастағы италиялық маман кету туралы шешім қабылдап қойды. Клуб та онымен 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартты мезгілінен бұрын бұзуға әзір.

Антонио кетсе орнына Маурицио Сарри келеді деп күтілуде. Сондай-ақ үміткерлер қатарында Винченцо Итальяно, Массимилиано Аллегри және Фабио Гроссо бар. Ал Контенің өзі Италия Ұлттық құрамасын тізгіндеуі мүмкін.

Конте «Наполиді» 2024 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның тұсында команда 2024/25 жылғы маусымда Италия чемпионы атанып, биыл Италия Суперкубогын жеңіп алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram