19.05.2026 21:23
Конте «Наполиден» кетеді
19.05.2026 21:23
«Наполи» бас бапкері Антонио Конте клубтан кетеді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, ол мұндай шешімді қабылдап қойған және президент Аурелио Де Лаурентиске бірнеше ай бұрын ескертіпті.
Антонио сосын қай клубқа баратынын өзі де білмейді. Ол «Наполиден» өтемақы талап етпейді екен.
Конте «Наполиді» 2024 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның тұсында команда 2024/25 жылғы маусымда Италия чемпионы атанып, биыл Италия Суперкубогын жеңіп алды.