19.05.2026 21:10

Палмер «Манчестер Ситиге» оралуы мүмкін

19.05.2026 21:10

«Челси» жартылай қорғаушысы Коул Палмер «Манчестер Ситиге» оралуы мүмкін

Mirror хабарлауынша, жақында «қалалықтарды» тізгіндейтін Энцо Мареска бұрынғы шәкіртін өз командасында көргісі келеді және оны ауысуға көндіріп көрмек. Бұған дейін екеуі «Челсиде» жұмыс істеген.

Палмер – «Манчестер Сити» түлегі. Оны «Челси» 2023 жылы 47 миллион еуроға сатып алды. 24 жастағы англиялық ойыншы осы маусымда 32 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram