20.09.2025 12:38
Мудрик басқа спортта бақ сынамақ
20.09.2025 12:38
«Челси» ойыншысы Михаил Мудрик жеңіл атлетикаға бет бұруы мүмкін
Marca мәліметінше, 24 жастағы шабуылшы Украина құрамасының желаяқтарымен бірге жаттығу жасап жүр екен.
Тіпті 2028 жылғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғауға ниет білдіріпті.
Осыған дейін Мудрик АПЛ-дегі дебюттік матчында 36,67 км/сағат жылдамдықпен жүгіріп, рекорд орнатқан болатын.
Еске салайық, Мудрик допинг дауына байланысты футболдан уақытша шеттетілген еді.