28.04.2026 22:08
Моуринью «Реалды» тізгіндеуге ниетті
28.04.2026 22:08
«Бенфика» бас бапкері Жозе Моуринью «Реал» бас бапкер атануы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Мадридтің клубын тізгіндеуге үміткерлер қатарында Жозеден бөлек тағы үш маман бар. Бұлардың қайсысы келесі маусымда клубты жаттықтыратынын президент Флорентино Перестің өзі шешеді екен. Ал Жозе «Реалға» оралуға қарсы емес. Бірақ «Бенфика» оны жібергісі келмейді.
63 жастағы португалиялық тәлімгер осыған дейін «бланкосты» 2010-2013 жылдар аралығында баптаған еді.