13.05.2026 13:52

Моуринью «Реалды» таңдады

13.05.2026 13:52

Жозе Моуринью «Бенфика» мен «Реал» арасында таңдау жасады

Diario AS мәліметінше, Лиссабонның клубы Жозені жібергісі келмейді және оған келісімшартты ұзарту жөнінде ұсыныс жасаған. Бірақ Моуринью оны қабылдамай, «Реалға» оралуға дайын отыр екен.

Осыған дейін 63 жастағы португалиялық маманның Мадрид клубымен келісімге келгені белгілі болған еді. «Бланкос» жаңа бапкерін 23 мамыр күні болатын «Атлетикке» қарсы маусымның соңғы матчынан кейін хабарлайды деп күтілуде.

Моуринью осыған дейін «Реалды» 2010-2013 жылдар аралығында жаттықтырған еді. Ал қазір Патша клубын Альваро Арбелоа баптап жатыр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram