13.05.2026 12:12

Гүлер «Арсеналға» ауысуы мүмкін

13.05.2026 12:12

«Реал» жартылай қорғаушысы Арда Гүлер мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

El Nacional хабарлауынша, оған «Арсенал» қызығушылық танытуда. Лондон клубының бас бапкері Микель Артета Арданы өз командасында көргісі келеді. «Арсенал» Гүлер үшін «Реалға» 90 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауы мүмкін.

21 жастағы түркиялық ойыншы осы маусымда 50 матчта алты гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram