13.05.2026 10:52
«Бетис» Чемпиондар лигасына шықты
13.05.2026 10:52
Испания Ла Лигасының 36-турында «Бетис» өз алаңында «Эльчені» 2:1 есебімен тізе бүктірді

Осылайша Мануэль Пеллегрини шәкірттері Чемпиондар лигасына бесінші орынмен жолдама алды.
«Бетикос» қарт құрлықтың басты додасында осыған дейін тек 2005/06 жылғы маусымда ойнаған еді. Ол кезде С тобына «Ливерпуль», «Челси» және «Андерлехтпен» түсіп, үшінші орын алды.