13.05.2026 00:36

«Барселона» Флорентино Перестің үстінен шағым түсіруі мүмкін

13.05.2026 00:36

«Барселона» «Реал» президенті Флорентино Перестің баспасөз мәслихатына қатысты мәлімдеме жасады

«Біздің заңгерлер «Реал» президенті Флорентино Перестің баспасөз мәслихатында айтқан айыптауларын зерттеп жатыр.

Бәрін егжей-тегжейлі қарап шығамыз. Ал қабылданған шешім туралы кейінірек хабарлаймыз», – делінген «Барселонаның» ресми сайтында.

Осыған дейін Перес көпшілік алдында «Негрейра ісі» мен Ла Лигадағы жеті титулын ұрлап алғанына қатысты мәселе көтерген еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram