13.05.2026 12:46

Нойер «Бавариямен» келісімшартты ұзартуға жақын

13.05.2026 12:46

«Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер клубта қалады

Bild хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2027 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға өте жақын.

Қазір заңгерлер соңғы құжаттарды реттеп жатыр екен. Одан кейін Нойер директорлармен кездесіп, жаңа келісімге қол қояды.

40 жастағы неміс голкипері Мюнхен клубының намысын 2011 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 36 матчта 39 гол өткізіп, 11 ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram