18.07.2026 23:16

Морган Роджерс «Челси» ойыншысы атанады

18.07.2026 23:16

Морган Роджерс «Челси» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап 2032 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

«Көктер» трансфер үшін «Астон Виллаға» 117 миллион фунт стерлинг (137,5 млн еуро) төлеп, Роджерс үшін таласта «Арсеналды» сан соқтырып кетті. Енді Морган дүйсенбі күні медициналық тексерістен өтеді.

23 жастағы Англия құрамасының вингері өткен маусымда 55 матчта 14 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram