18.07.2026 21:04
Эступиньян «Астон Виллаға» ауысуға жақын
18.07.2026 21:04
Первис Эступиньян «Миланнан» «Астон Виллаға» ауысуға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келді. Бас бапкер Унаи Эмери оны тезірек командасында көргісі келеді. Бұған дейін екеуі «Вильярреалда» бірге жұмыс істеген.
28 жастағы эквадорлық қорғаушы «россонерри» сапына өткен жазда «Брайтоннан» 17 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда 22 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.