18.07.2026 18:01

Манчини мен Кристанте «Ромамен» келісімшартты ұзартты

18.07.2026 18:01

«Рома» қорғаушы Джанлука Манчини және жартылай қорғаушы Брайан Кристантемен келісімшартты ұзартқанын хабарлады

Манчинимен жаңа келісім 2028 жылдың, ал Кристантемен 2029 жылдың жазына дейін жарамды. Сондай-ақ екеуінде де тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

Кристанте Римнің клубында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Осы аралықтағы 364 матчта 21 гол соғып, 23 нәтижелі пас берді. Ал Манчини «джаллоросси» намысын 2019 жылдан бері қорғайды. Содан бері «қасқырлар» үшін 319 ойын өткізіп, 23 гол мен 13 ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram