18.07.2026 14:28

Фоден «Миланға» ауысуы мүмкін

18.07.2026 14:28

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Фил Фоден ат басын Италияға бұруы мүмкін

SportMediaSet хабарлауынша, оны «Милан» өз қатарынан көргісі келеді және жазда сатып алуға тырысып көрмек. Бірақ трансфер тек Рафаэль Леау клубтан кетсе ғана болады екен.

Фоден – «Манчестер Сити» түлегі. 26 жастағы англиялық жартылай қорғаушы өткен маусымда 50 матчта он гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram