18.07.2026 13:38

Морган Роджерс «Арсеналға» ауысуға жақын

18.07.2026 13:38

«Астон Вилла» вингері Морган Роджерс «Арсеналға» ауысуға жақын

Саша Тавольеридің хабарлауынша, қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келді. Енді клубтар келесі аптада құжат мәселесін толықтай шешу үшін кездесу өткізеді.

Егер бәрі сәтті аяқталса, трансфер құны шамамен 100 миллион еуроны құрауы мүмкін. Ал Бирмингемнің командасы Роджерстің орнына футболшы іздеуді бастап кетті.

23 жастағы Англия құрамасының ойыншысы өткен маусымда 55 матчта 14 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram